Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 16:00-ге белгіленген еді.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасының құрамы таңдалған болатын.
"Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы", – делінген баспасөз хабарламасында.
99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).
Туысы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:
432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).