БҚО-да бірнеше бағыттағы автожолды еріген қар суы шайып кеткен. Ал облыстың орталығы Орал қаласының өзінде еріген қар суына кеше түн­нен бастап жауған жаңбыр суы қосылып, коммуналдық мекеме қыз­мет­кер­леріне дес бермей жатыр.
Қарғын судың әлегі
752
оқылды

Синоптиктер бұл жауын әлі екі күн жауады деп болжауда. Орал қаласы Венеция секілді судың ор­тасында қалатын түрі бар. Айтпақшы, қызыл су бірнеше үйге де басып кір­ген. Кешелі бері штабқа 281 өтініш келіп түсіпті. 

Орал қаласында еріген қар суына ке­ше­лі-бері тоқтаусыз жауған жаңбыр суы қо­сылып, халықты әбігерге салып жатыр. Кө­­­шелерді су алып кеткені сондай жүру мүм­кін емес. Ал коммуналдық мекеме қыз­­­­меткерлері күшейтілген жұмыс ре­жи­міне көшіп, күндіз-түні су сору жұ­мыс­та­рын атқарып жатыр. Бірақ тоқтаусыз жау­ған жауын шамаға қаратар емес. БҚО-да су тас­қынынан зардап шеккендерге көмек ре­тінде жедел желі іске қосылды. 

– Су тасқынының алдын алу жұмыс­та­рына су соратын 70 техника жұмыл­ды­рыл­ды. Бүгіннен бастап 100-ден астам тех­­­­никаны тарту жоспарланған. Сондай-ақ 108 қосымша техника жұмыс істеуде. 18 мың құмды қапшықтар дайындалып, қа­жетті жерлерге жеткізілуде. Орал қала­сын­да су тасқынының алдын алу бойынша қа­лалық штаб 15 наурыздан бастап жұмыс істеуде. Қалалық штабтың жедел желісіне тұр­ғындардан ауласын су басу туралы 249 мекенжай бойынша 600-ге жуық өтініш түс­ті. Өтініштер көбінесе Зашаған, Деркөл кент­терінен, жеке тұрғын үй секторларынан түсуде, – деді Орал қаласы әкімінің орын­басары Жандос Дүйсенғалиев.

Қаланы су алып кеткені сонша тұрғын­дар жергілікті билікке өкпелі. Әлеуметтік же­ліде «Жылда осы, неге бір әкім осы жағ­дай­дың алдын алмайды», «Су тасқынына дайын­быз дегені қайда, үйімізді су басып жа­тыр, неге суды уақытында сормайды», «Бұл Орал емес, Венеция ғой» деген сарын­да­ғы сыни жазбалар көбейді. Тұрғындардың сы­нына қала әкімінің орынбасары былай деп жауап берді. 

– Қаладағы арық жүйесіне қатысты сын көп айтылады. Біз тұрғындардың бұл сы­нын өте жақсы түсінеміз. Жылда қала­да­ғы арық жүйесін жаңалау және салу бойын­ша жұмыстар атқарылып келеді. Мә­селен, Деркөл кентінде Сарыарқа ша­ғы­науданында Б.Майлин, Тақсай, А.Жұ­ба­нов және Ә.Қашаубаев көшелері бойын­ша ұзындығы 3,5 шақырым болатын арық жүйесі салынды. Зашаған кентінде Балауса шағынауданыда Жалаңтөс батыр, С.Рахи­мов, А.Маметов, Е.Радлов көшесінен Есет ба­тыр көшесіне дейін 1,3 шақырым бола­тын арық жүйесі салынды. Сонымен қатар Са­рытау шағынауданындағы С.Айт­құлов­пен А.Гужвин көшелері қиылысында, Орал–Саратов тасжолы бойындағы «Ал­тын­дар» сауда үйі маңында диаметрі 1 000 мм қосымша су өткізгіш құбырлар салын­ды, – деді қала әкімінің орынбасары Жан­дос Асхатұлы. 

Кеше түске дейінгі ақпарат бойынша қа­лада бірнеше үйге су басып кірген.  Қазір ма­мандар нақты қанша үйге су кіргенін есеп­теп жатыр.  Тоқтаусыз жауған жауын­ның кесірінен қала бойынша 700-ден астам үй жарықсыз қалған. Жалпы, су тасқынына қауіп негізінен өзендерден келеді. Биылғы бол­жам бойынша Жайық өзені қатты кө­теріледі деп отыр мамандар.  Ал төтен­ше­лік­тер болса өзендердегі жағдайдың бақы­лау­да екенін айтты. 

– Облыс аумағындағы өзендердегі мұз­дың еруі әзірге қалыпты. Судың көтерілу деңгейі де нормаға сәйкес. Қазір елдің оң­түс­тік аудандарында атап айтсақ, Бөкей Орда, Казталов, Жаңақала аудандарында қар түгелдей еріп болды. Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бәйтерек аудандарында қар еруі жай жүруде. Солтүстік аудандардағы қар­дың қалындығы 20 сантиметрге жеткен. Одан көп қар жоқ, – деді БҚО Төтен­ше жағдайлардың алдын алу басқармасы­ның бастығы Нұралы Мусиев. 

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жан­дос Дүйсенғалиев «әзірге төтенше жағ­дай жарияланбайды» деді. Қазір еріген қар суын сору жұмыстары белсенді жүріп жа­тыр. Егер су тасқыны бола қалса, сая­жай­дағы халықты көшіретін 20 шақты орын дайын дейді мамандар. Ал  синоп­тик­­тер болса, алда әлі екі күн жауын жауа­ды деп болжап отыр. 

Айта кетейік, жалпы БҚО бойынша 147 ел­ді мекеннің суға кету қаупі бар. Олардың ішін­де 30 шақты саяжай бар. Ал қала маңындағы саяжайларда 20 мыңнан астам адам тұрып жатыр. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы