2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.
Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
1,003
оқылды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған. Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 жылдары – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.;

2017-2018 жылдары – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы;

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры;

2018-2019 жылдары  – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары; 

2019-2020 жылдары  – Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

2020-2021 жылдары  – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі;

2021-2022 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары;   2022-2023 жылдары  "AMANAT"  партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.