Уақыт өте келе ағылшын тілін үйрену немесе жетілдіру қажет екенін түсінеміз, өйткені қолдану аясы кеңейіп келеді.
Жұмыста ағылшын тілін қалай үйренуге болады?
infouborka.ru
916
оқылды

Қазіргі адамдар кеңседе немесе қашықтан ұзақ жұмыс істегендіктен, оқуға уақыт табу қиын. Уақыт өте келе ағылшын тілін үйрену немесе жетілдіру қажет екенін түсінеміз, өйткені қолдану аясы кеңейіп келеді.

Бұл ауызекі ағылшын тілі марафоны бестселлерге айналды:

HTTPS://WWW.BISTROMARATHON.COM

Бұл - ең мықты мотивация, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізуге итермелейді. Дұрыс жоспар құру арқылы жұмыс уақытын тиімді пайдалануға болады.

Қандай ресурстарды пайдалнуға болады?

Бірінші қадам - белгілі бір мамандық бойынша «өз» онлайн курсыңызды іздеу. Ешкім сізге жұмыс орныңызды сақтап қалатыңыз туралы кепілдік бермейді, сондықтан сұхбат жүргізуді зерттеу пайдалы. Екінші орында оқу дағдысын дамыту тұр, бұл жерде таптырмас нұсқа — жаңалықтар оқу.

Шынында, өз саласыңыздың терминологиясын үйрену үшін көп уақыт қажет емес. Мысалы, қысқа бейнежазбаларды аптасына 5 рет тыңдап, бизнес этикасы жайлы пайдалы мағлұмат алыңыз. Осылайша процесс жеңілдетіліп, ағылшын үйренуіңіз ілгерілейді. 

Егер жұмыс беруші қызметкерлерді оқытқысы келіп, курстарға жазып немесе кеңсеге оқытушы шақырса, әріптестер арасында ниеттес адамдар пайда болады. Оларды 15 минуттық әңгімеге шақырып, ағылшыныңызды жетілдіріңіз. Тіпті, ұжымдық оқыту болмаған кезде де мақсаттас әріптестеріңізді табуға болады.

Үзіліс кезінде әртүрлі тақырыптарды ағылшын тілінде талқылауға болады. Ауа-райынан, табиғаттан бастасаңыз болады. Аудио және бейне оқулықтар - керемет көмекшілер. Цифрлы материалдарды бірге тыңдап/қарап, бір-біріңізбен ақылдасып, мазмұндап бере аласыз.  

Келесі қадам - жұмысқа байланысты мәселелерді спикерлермен талқылау. Аудиожазбаға жазып алып, кейін тыңдауға болады. Бұл ұсақ-түйек мәселерге үңіліп, өз айтылымыңызды бағалауға мүмкіндік береді.

LinkedIn-де ақпаратты саралап, жаңартып, бақылап отырған да жөн. Алдымен әріптестердің жарияланымдарын зерделеу керек, содан кейін өз жұмысыңыздың ерекшеліктері, тапсырмаларды орындаудағы рөліңіз немесе жобаларды іске асыру жайлы ағылшын тілінде баяндаңыз.

Бұл процесс теорияны іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Жариялау көп уақытты қажет етпейді, бірақ тиісті білім деңгейін сақтауға көмектеседі.

Интернет желісінде өзін-өзі үйрету сайттарының көптеген ақысыз нұсқаларын таба аласыз. Сабақтарды толығымен аяқтаудың қажеті жоқ, бастысы үзбей жасап жүріңіз. Мысалы, аудионы жұмыстағы үзіліс кезінде тыңдауға болады (түстен кейін істесеңіз жақсы).

Сабақты жоспарлау кезінде жүйелілікті ескеру маңызды. Сабақты өткізіп алмау үшін смартфондағы дабылды пайдаланыңыз. Мансапта жетілу соғыс іспеттес, жеңіске жету үшін барлық құралдар пайдалы.