Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды.
Гүлмира Сатыбалдының жаңа тергеу бойынша қандай күдікке іліккені белгілі болды
1,665
оқылды

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайына қатысты тергеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысты. Антикор мәліметінше, Алматы тергеу сотының санкциясы бойынша Гүлмира Сатыбалды қамауда отыр.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Г. Сатыбалды мен басқа адамдардың Қазақстан Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса" – еск.), 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қорқытып алу, аса iрi мөлшерде жасалса" – еск.) және 389-бабтың 4-бөлігінде ("Өзiнше билiк ету, осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер" – еск.) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша тергеуді аяқтады", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Tengrinews.kz ресми сауалына жауабында.

– Басқа ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Антикор.