Астанада көктайғақ болады.
Жел күшейіп, көктайғақ болады: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pexels.com
925
оқылды

Қазгидромет 30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жауын, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай жарқылдайды, жел соғады.

Шымкентте түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының тау етегіндегі аудандарында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында кей уақытта найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың онтүстік жартысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с болады. 

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, батысында екпіні 16 м/с жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.