Соңғы жылдары құмар ойынның құ­рығына түсіп, сан соғып қалған аза­мат­тардың көбейіп кеткенін естіп жүрміз. Бар тапқан-таянғанын ойынға жұм­сайтын адамның табысында береке болмасы анық.
Құрдымға апаратын құмарлық
703
оқылды

Мұның соңы шаңы­рақ­тың шайқалуына әкелуі әбден мүм­кін. Соған қарамастан, букмекерлік кең­седе түрлі спорт ойындарына бәс тігіп, автоматтарға ақша салатын жас­тар­дың қатары артып барады. Жа­с­тар­дың оңай ақша табуға қызығушылығы артқаны сонша, қалтасы қанша қа­ғылса да бұл ойынға деген құмары басылар емес.  

Ең сорақысы, еліміздегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрбаны екен. Былтырғы жылдың өзінде ойынқұмарлық 157 мыңнан астам адамды оңдырмаған. Статистика бойынша, елдегі әрбір он ерлі-зайыптының жетеуі құмар ойынның кесірінен ажырасады екен. Сондай-ақ суицид жасаған әр бесінші адамның лудоман екені анықталған. Аталған мәселе жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде айтқан болатын. 

Жеңіл ақша табуға әуес адамдардың қатары артқан сайын қоғамның да әлсіз тұсы басымырақ болады. Ал психиатр ма­манның айтуынша, ойынға деген құ­марлық – адам сана­сындағы бұзылыс. Ол ең ауыр дерттердің бірі екенін айтты.  

«Лудомания – наркомания ұғымымен егіз. Тіпті, наркоманиядан да ауыр деп ай­туға болады. Себебі мұның тәуелділігі өте ауыр. Алғанынан бергені көп, сол бергенін қайтарамын деп жүріп қаншама адам ар-ұят, намысынан жұрдай болады. Мұн­дай адамдарда психикалық тәуелділік басым. Яғни, күні-түні ойлаған­дары бір нәрсе. Қазір қоғамның өзі жеңіл ақшаға әуес болып қалған. Бұл стра­тегия бұрын басталған және жалғаса бере­ді. Лудомандардың түрі де көп: невроло­гия­лық, шезовиктік түрі бар. Арасында түбіне дейін ұтылғанша ойнайтын ойыншылар да болады. Бұл – психологиялық бұзылыс. Осындай бұзылыспен күресуде қоршаған ортаның, мемлекеттің, ата-ананың қала­ға­ны маңызды емес, тәуелді адамның бұзы­лыспен күресуді қалағаны маңызды. Өйткені уақытша емдеуге жатқызған соң, оның қайта тәуелділігі басталатыны анық. Ғылымға сүйеніп айтсам, адамның дамуы туғаннан басталады. Егер туған сәттен бастап ему процесі дұрыс болмаған балада міндетті түрде түбінде бір затқа тәуелділік пайда болады. Мысалы, ол алкоголь өінмдеріне не болмаса құмар ойындарға болуы мүмкін. Сонымен қатар жастардың көбіне құмар ойын­ның жетегінде кетуіне ата-ананың тәбиесі, дұрыс көңіл бөлмеуі басты себеп болады», – дейді пси­хиатр-нарколог Санжар Тұрсынметов.

Құмар ойынға салынып одан қатты зардап шеккендер үшін көптеген тәуелділіктен оңалту орталықтары жұмыс істеп тұр. «Бірақ олар тек нұсқаулықтар ғана» дейді лудоман­дардың психологиясын зерттеп жүрген Ильяс Бордатханов. 

«Өзіңіз жүрген орта міндетті түрде сізге әсерін тигізбей қоймайды. Психологиялық тұрғыда кез келген адам өзінің құмар дертіне тәуелді екенін мойындамайды. Олардың ойынша, бұл әрекеті тек қаржыға тірелмей, хоббиі іспетті болып кеткен. Психологияда «соңғы қайту нүктесі» деген түсінік бар. Бұл нүктеге адам бар дүниесінен айырылғанда жетеді. Осы тұста психологтер мен оңалту орталықтары адамды тәуелділіктен толық арылтады деп айта алмаймын, олар тек нұсқаулықтар мен бағыт-бағдар ғана береді. Егер сол бағыттағы тәртіпті қатаң сақтаған жағдайда ғана адам бойындағы ойынға деген тәуелділіктен арыла алады. Менің ойымша, мектептерде, жоғарғы оқу орындарындағы жастарға осы туралы дәріс оқып, құрдымға апаратын жол екенін түсіндіру керек», – дейді ол. 

С.БЕГІМБАЙ