Қытай ғалымдары жасанды жатыр және эмбрион дайындау өндірісін іске қосты. Эмбрионның жетілуіне ыңғайлы контейнер болашақта роботтың жасанды жатыры ретінде адамдардың қатысуынсыз дүниеге бала әкелуі мүмкін.
Шишадағы шарана
1,695
оқылды

South China Morning Post ба­­­­сылымының мәліме­тін­ше, қазір қытайлық ғалымдар жануарлар эмбриондарын өсіруді сы­нап жатыр. Олар өздері жасап шы­ғарған in vitro жүйесінде (құ­нар­лы қоректік заттар тол­ты­рыл­ған ыдыс – ред.) тышқандардың ұры­ғын өсіреді. Жасанды интел­лект негізіндегі робот күтуші бүкіл про­цесті, яғни эмбрионға қажетті ауа мен қоректің жеткілікті бол­уын бақылай отырып, ұрықтың даму процесінің морфологиялық си­­паттамаларын тіркеп, баға­лай­ды. 

Ал адам эмбрионына келер бол­сақ, қазір репродуктивті ме­ди­ци­нада экстрокорпаральді ұрық­тан­дыру (ЭКО) арқылы «сы­науық­­тан» дүниеге сәби әкелу тә­­­­жірибесі бар. Дүниежүзінде ЭКО жолымен құрсаққа біткен ал­­ғашқы нәресте 1978 жылы дү­ние­ге келсе, біздің елімізде тұң­ғыш «құтыдағы бала» 1996 жылы дүние есігін ашты. Елімізге та­ны­мал репродуктолог-эмбриолог, ға­­лым Салтанат Байқош­қаро­ва­ның айтуынша, ЭКО арқылы жа­санды жолмен бала сүю – ол өзі­нің ұрығымен жетілген, өзінің жа­тырынан шығатын баланы дү­ние­ге алып келу.

«Бұл процесс жасанды жолмен ұрықтандыру деп аталғанымен, 95-98 пайыз жағдайда бала ана­ның өз жатырынан шығады. Бірақ бір­неше тәулік қана, көп болса ал­ты тәулік эмбрион ананың ағ­за­­сынан бөлек дамиды. Одан кейін анасының жатырына салып бе­реді. Ол ешқандай да жасанды ба­ла емес, табиғи бала», – дейді Сал­танат Байқошқарова. 

Яғни, ғалымдар адам эмб­рио­нын жасанды ортада өсіру туралы әзірге ештеңе айт­пай­ды. Қазір халықаралық құқық бойынша «сынауықта» ұрықтан­дыру­ға 14 күннен асып кетсе, адам эмбрионына тәжірибе жасауға тыйым салынған. Демек бүгінде бү­кіләлемдік медицина адамды 9 ай 9 күн бойы құтыда ұрықтан­ды­ру­ға рұқсат бермейді. Ал реп­ро­дук­толог-эмбриолог маманның ай­туынша, ұрық «құтыда» 5-6 күн же­тіліп, кейін анасының жа­ты­ры­на салынуы керек. Мұндай әдіс­пен елімізде 25 мыңнан астам нә­­­­­ресте жарық дүние есігін аш­қан. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының дерегінше, бү­кіл әлемде «құтыдан шыққан» 10 мил­лионнан астам адам жер ба­сып жүр. Қоғам алғашында ЭКО-ға үрке қарады. Жасанды ұрық­тан­дыру арқылы дүниеге келген ба­ла келешекте ұрпақ сүйе ала ма де­ген де сұрақтар болды. Дегенмен елі­мізде жасанды ұрықтандыру ар­қылы 1997 жылы дүниеге келген қыз бала 2019 жылы 22 жасында та­­­­биғи жолмен ұл бала босанды.

Қытайдағы «бала өндірісінің» дақпырты

Әлемде гендік инжене­рия­ның (CRISPR гендік тү­зеу технологиясы) қарыштап да­мып жатқанын ескерсек, супер адам жасауға ұмтылған реп­ро­дук­тив­­ті медицина келешекте әйел­дер­дің жүкті болып, толғатып әуре бол­май-ақ бала сүюіне жағдай жа­сап, адам өндіріп алуы да ғажап емес. Қытайдағы «бала өнді­рі­сі­нің» дақпыртын дабырайтып тұр­ған мәселе де әлемдегі гендік ин­­­­­же­нерияның дамуымен бай­­­­ла­ныс­ты болуы мүмкін. Егер жа­санды жатыр арқылы дүниеге ба­ла келетін болса, әйелдер бо­сан­­бай-ақ балалы бола ала ма? Біз бұл сұрақтың жауабын Салтанат Бер­денқызынан сұраған едік.

«Әр нәрсе басында фантастика бо­лып басталады. Одан кейін фан­­тастика өмірдегі шынайы зат­қа айналады. Негізі бұл салада із­­­­­деніс жүріп жатыр. Жүре де бе­ре­­ді. Сондықтан болашақта ондай жағ­дай болуы мүмкін. Бірақ ол жа­санды жатырды әйелдің ағз­а­сына салып бермейді. Ғалымдар сырт­та өсетіндей, жетіліп бала туа­тындай жағдай жасауға ты­ры­сып жатқаны туралы еміс-еміс ақ­­­­­парат естіліп қалады. Егер құ­рыл­ғы жасалып, онда эмбрион то­­­лық жетіліп шыға алатын болса, әйелдің босанбай-ақ балалы болу мүмкіндігі бар», – деді ғалым.

Егер қиялдағы нейрожелі қол­данысқа енсе, «шыныдан» шық­қан бала адамзат әлемін мүлдем бас­­қаша электронды сипатқа әке­луі ғажап емес. Дегенмен «Пер­зент сүймей адамның мейірі қан­бас» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, «бауыр етім – балам» деп мейір­лен­бей, дүние махаббатқа бөлене ала ма? Бәрінен бұрын қазір сау­да­сы қызып тұрған суррогат ана­ның құрсағынан шыққан ұр­пақ­тың ертеңі қалай болады? «Ұрпақ сау­лығы – ұлт саулығы» дейтін ұран көп. Бірақ біз өз ден­сау­лы­ғы­­­мызға немқұрайды қарай­ты­ны­м­ыз­дың, салауатты өмір сүруге дағ­­­­дыланбағанымыздың, пайдалы ас мәзірін қалыптастыра алма­ған­ды­ғымыздың зардабын тартамыз. Эко­логиялық фактор, жасанды та­ғам, түрлі алкогольді ішімдікке әуес­тік, жасанды түсік жасатудың жиі­­­­леуі және смартфонға тәуел­ді­лік салдарынан бедеулік пен бел­сіздік проблемасы асқынып тұр. Мұ­ның бәрі ана мен бала ден­сау­лы­ғына, ұлт, ұрпақ денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр дейді дәрігерлер. 

Қазақстандық репродуктивті ме­дицина қауымдастығы маман­да­ры­ның айтуынша, соңғы жыл­да­ры ЭКО әдісіне жүгінетін жұп­тар қатары артқан. Себебі бедеулік пен белсіздік зардабын тартқан ерлі-зайыптылар саны жыл санап ар­тып барады. Елімізде әрбір же­тінші жұп бедеулікке шалдыққан, отау­ құрған отбасылардың 17 пайы­зы өздігінен бала сүйе ал­май­ды деп дабыл қағуда. 

«Ер адамдар арасында тір­кел­ген белсіздік көрсеткіші ша­­ма­мен 35-40 пайызды құрайды. Әйел адам­дарда да 35-40 пайыз бедеулік кез­деседі. Әйел адамның да, ер адам­ның да бедеулігі бір жұпта 20 пайыз жағ­дай­да кездесіп жатады», – деді ECOMED адам репродук­ция­сы клиникалары тобының және NGC халықаралық репро­дукция орталығының медицина­лық ди­рек­торы, Астана медицина уни­вер­ситетінің Акушерлік және ги­некология кафедрасының до­цен­ті Жанерке Ажетова.

Бүгінде бедеулік дерті біздің елімізде ғана емес, дүние жү­зін алаңдатқан мәселеге ай­на­лып отыр. Зерттеулер көрсет­кен­дей, әлемдегі барлық ерлі-зайып­ты­ның 8 пайызы бедеулік пен белсіздіктен зардап шегеді. Сон­дық­тан халықаралық репро­дук­тив­ті медицинада «Ер мен әйел­дер­ге қалай көмектесуге болады, нәрестелі болуға қандай ғылыми мүмкіндіктер бар» деген сұрақ күн тәртібіне шықты. Қазір жасанды жа­тыр, суррогат ана, «құтыдағы ба­ла», «шыны түтіктен шыққан ша­рана» секілді ұғымдар күн­де­лік­ті өмірмен қабысып, қалыпты құбылысқа айналып кетті.

Суррогат ана «жалдамалы жатыр» бизнесіне айналып кетпесін

Дегенмен дәрігерлер ең дұ­ры­сы табиғи жолмен жүкті болу мүмкіндігіне баса назар аудару ке­­­регін айтады. Жас отбасылар отау құрғаннан кейін 1-2 жыл бала сүйе алмаса, уақыт жоғалтпай дә­рігерге қаралып, табиғи жолмен жүк­ті болуға тырысуы керек. Президент пәрменімен 2021 жы­лы үш жылға арналған «Аң­са­ған сәби» бағдарламасы қабыл­да­нып, мемлекеттік квотаның саны же­ті есеге ұлғайды. Бағдарлама ба­ла сүйе алмай, амалы тау­сыл­ған­дардың соңғы мүмкіндігі екені рас. «Аңсаған сәби» басталған 2021-2023 жылдар аралығында 21 000 отбасы экстракорпоральды ұрықтану әдісіне жүгініп, 10 000-нан астам бала дүниеге келген. 2030 жылға дейін ұзартылған бағ­дарлама арқылы алдағы 7 жыл­да 49 000 бедеулікке шал­дық­қан от­ба­сы ата-ана атануы мүмкін.

Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде әрбір жетінші отбасы ба­ла­ға зәру. Бұл отбасылар «Аңсаған сә­би» бағдарламасы арқылы сур­ро­гат ана қызметіне жүгіне ала ма, бағ­дарлама аясында «Құрсақ ана­ға» квота беріле ме деген сұрақ туын­дайды. Акушер ги­не­колог Жанерке Ажетованың айтуынша елі­міз­дің «Неке және отбасы туралы» заңын­да «жатырды жалға беру» ту­ралы арнайы талаптар мен шарт­тар белгіленген. Бағдарлама ая­сында екіжақты келісіммен «жа­­тыр­ды жалға алуға» бола­тынын, бір­ақ квота берілмейтінін айтты. Себебі қазір елімізде ше­тел­дер­ден де бала сүю үшін қазақ­стан­дық сур­рогат ана қыз­метіне жү­гі­нетін көп екен. Бұл өз кезегінде «жал­­да­малы жатыр» сау­дасын қыз­­ды­рып, табыс табу­дың бір жо­лына ай­налып кету қаупін т­у­дырады. 

Репродуктивті медицина ма­мандары Орталық Азия ел­дерімен салыстырғанда елімізде экстракорпоральды ұрық­тан­ды­ру­дың жолға қойылғаны сон­ша­лық, әлемнің алдыңғы қатарлы мем­лекеттерінен балалы болуды аң­сап келетін жұптардың көбей­ге­нін айтады. Қазірдің өзінде елі­міз­де ананы жалға алу бағасының қым­баттауына, суррогат анаға сұ­раныстың артуына, «құрсақ сау­дасының қызуына» сұраныстың көп­тігі де әсерін тигізіп отырған кө­рінеді. Еліміз медицинасының ха­лықаралық стандарттарға сай қауіпсіз емдеу бағытында жетіс­тік­терге жетіп әрі балаға зар бол­ған отбасыларға нәресте сүю қуа­­­ны­шын сыйлап жатқаны жақсы. Бірақ келешекте репродуктивті тех­­нологиялардың көмегімен дү­ние­­ге келген балалардың ден­сау­лы­ғы мен дамуын, психоә­леу­мет­тік мәртебесін зерттеу қажеттілігі туын­дайтыны сөзсіз. Бұл орайда Сал­танат Берденқызы: «Жасанды жатырда бала бәл­кім 50 жылдан кейін пайда бо­ла­ды. Сондықтан оны дөп басып ай­ту қиын. Қазірдің өзінде адам­­ның сана-сезімі әрқилы болып жа­тыр. Табиғи жолмен туған адам­ның өзі неше түрлі болып кет­ті. Тіпті, жынысының өзі қан­шама түрлі, сезімінің өзі қаншама түр­­лі. Бір-бірін адам түсінбейтін жағдайға келдік қой қазір. Ке­ле­шекте жаһандық проблемалар те­­­реңдеп, су жетіспеушілігі, кли­мат­тың өзгеруі, мұздықтардың еруі салдарынан адамдар жер бе­тін­де қолайлы өмір сүре алмауы мүм­кін деген секілді болжамдар да жасалып жатыр», – деді.

Болашақта адам сапасының, өмір салтының, құндылықтар мен қағидалардың өзгеруі бек мүмкін. Біздің елімізде қарқынды қолға алынып жатқан репродуктивті технологияға кейбір мемлекеттер сақтықпен қарайды. Мәселен, Фран­ция, Германия, Аустрия, Нор­вегия, Швеция, АҚШ-тың кей­­бір штаттарында мұндай «Құр­сақ ана» қызметіне тыйым са­лын­ған. Аустралия, Ұлыбритания, Да­­­ния, Испания, Канада, Ни­дер­ланд секілді елдер «жалдамалы жа­тырды» табыс көзіне айнал­дыруға рұқсат бермейді. Сондай-ақ Ұлыбритания, Нидерланд, Ма­жарстан, Дания, Бельгия сияқ­ты елдерде «Құрсақ ана» табыс көзі емес, қайырымдылық болып са­налады. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ