Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды

Оқиға орнына ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аттанды.

Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысының әкімдігінің мәліметінше, қазір жағдай тұрақты. Оқиға орнына ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аттанды.

Қазір жақын елді мекендерді су басу қаупін нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен және ары қарай тоғандармен кетеді. Онда транзиттік режимде суды ағызу үшін барлық шлюздер ашық тұр. Қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлімдеді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.