Бокс федерациясы 8-10 сәуір күндері аралығында Ангелина Лукасты Бангкокте өтетін лицензиялық жарысқа апару үшін ұлттық құрама боксшыларымен бірге спаррингке шығуға ұсыныс жасады.
Ангелина Лукас жеңілмеген таи қызын жеңді
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997
1,483
оқылды

Ангелина Лукас Таиландта өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық кәсіпқой боксшы жергілікті Тханьярат Джаиклмен (6-0, 6 КО) кездесіп, төрешілер шешімі бойынша басым түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сын таи боксшы үшін кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңіліс болып отыр.

Кездесуден соң Лукас отандастарына үндеу жолдап, бұл өзінің мансабындағы маңызды жеңіс екенін жеткізді.

«Қайырлы күн, қазақстандықтар! Бүгін мен сегізінші жеңісіме қол жеткіздім. Бұл мен үшін маңызды жеңіс. Себебі маған әлемдік бокс қауымдастығы келесі жекпе-жекте тегеурінді қарсыласпен шығу міндеттелетінін атады. Бұл сын жобамен сәуір айының ортасында болады», – деді боксшы.

Осыдан кейін Ангелина Лукас әлемдік рейтингіде 23-сатыға көтеріліп отыр.

Айта кететін жайт, еліміздің Бокс федерациясы 8-10 сәуір күндері аралығында Ангелина Лукасты Бангкокте өтетін лицензиялық жарысқа апару үшін ұлттық құрама боксшыларымен бірге спаррингке шығуға ұсыныс жасады. Бокста сәуір айында 54 келіде Анель Сақыш, Жайна Шекербекова, Балауса Мұздыман, Элина Базарова, Ұлжан Сәрсенбек, Сымбат Әлиасқармен сынға түседі деп жоспарланып отыр.