Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қанат Бозымбаев Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды
938
оқылды

Бұрын облыс әкімі, министр қызметтерін атқарған Қанат Бозымбаев Үкімет басшысының орынбасары болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген ақпарат көзінде.

Ал оның қандай салаға жауап беретінін Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - деді ол.