Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп мерт болды.
Петропавлда жолға жатып алған әйелді көлік қағып кетті
948
оқылды

Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кazinform-ның жазуынша, бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті.  

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.

«Ауди» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты.

Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады. 

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 

«Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», – делінген баспасөз хабарламасында.