3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана жалдамалы баспанада тұрады, 14 жылдан бері еден жуады.
«Қызы ми ісігіне шалдыққан»: қара бетперде киген жігіт жалғызбасты анаға пәтер сыйлады
Фото: видеодан кадр
882
оқылды

Қара бетперде киген, қайырымдылықпен айналысатын жігіт жалғызбасты анаға баспана сыйлады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.

3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана жалдамалы баспанада тұрады, 14 жылдан бері еден жуады. Қызы ми ісігіне шалдыққан. 

«Жұмысқа түнгі сағат 2:30-да келемін, содан түскі 12-ге дейін жұмыс істеймін. Қызым ми ісігі ауруына шалдықты, химиотерапия алып жүрміз. Жалдамалы пәтерде тұрамыз. Газ, су, туалет жоқ. Еден жуып шаршадым, ұйқым қанбайды, көз жасымды қызыма көрсетпеймін», -  дейді әйел. 

«Жақындарымыздың бірі ауырғанда бір ғажап сәтті күтеміз ғой. Сол сәт бүгін туды». Осылай деген бетперделі жігіт әйелге жаңа үйдің кілтін табыстады. Сонымен бірге қызын Түркияда емдетуге қаражат берді. Мұндайды күтпеген жалғызбасты ана қуаныштан көз жасына ерік берді.