Өңірлерде су тасқынының салдарымен күрес қарқынды түрде жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 04.00-ге қарай Атырау облысына Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары аттанды.
– Олар өңірдегі су тасқынының салдарын жоюға ат салысады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында су басу қаупінің алдын алу мақсатында, бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.