29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз бірлікте» акциясын бастаған болатын.
Атыраудан Ақтөбе облысына 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Фото: Ерлан Алтыбаев
1,346
оқылды

Тасқын судан зардап шегіп жатқан көршілес Ақтөбе облысына «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Атыраудан 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Қиын жағдайда қалған ақтөбеліктерге көмек жинау әлі де жалғасып жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еріктілердің, қоғам белсенділерінің, жергілікті мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің және Атырау қаласы тұрғындарының күшімен үш күннің ішінде жиналған  8 тонна азық-түлік, жеке гигиеналық заттары, киім, аяқкиім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі 1 сәуір күні сағат 9-да жолға шығып кетті. 

Еске сала кетейік, 29 наурыз күні атыраулық еріктілер «Күшіміз бірлікте» акциясын бастады. Жылу жинау пункті Атырау қаласы, Студенттер даңғылы 29, №2 жатақханада орналасқан. Қазіргі уақытта аталған акцияға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған.

Баян Жанұзақова

Фото: Ерлан Алтыбаев