Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.
Батыс Қазақстанда Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетті
Фото: БҚО Шыңғырлау ауданы әкімдігі
1,631
оқылды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғырлау ауданында Елек өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың айтуынша, өзен суы Шілік гидрологиялық бекетінде бір тәулік ішінде 186 сантиметрге көтеріліп, 785 сантиметрге (қауіпті деңгей – 750 см) жетті.

«Ресейдің Орынбор облысы жағынан су келіп жатыр. Су деңгейі 800 сантиметрден асқан жағдайда ауданның өзен бойында орналасқан елді мекендеріне қауіп төнуі ықтимал»,  деді Т.Шапанов.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулік ішінде Орал қаласы тұсында 84 сантиметрге көтеріліп, 457 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) жетті.

Шаған өзені Чувашин ауылы тұсында 1 211 (қауіпті деңгей – 1 280-1 300 см), Деркөл Белес маңында 670 (600-650), Қараөзен Жалпақталда 756 (790-820) сантиметрді көрсетті.

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.

«Елек өзенінің суы өтіп жатыр. Әзірге елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ»,  деді М.Өмірәлиев.