Жаңа отбасыға келген бүлдіршіндерді ата-анасы көбіне араға бір жыл салмай кері қайтарып жатыр.
Қазақстанда асыранды баланы жетімдер үйіне қайтару дерегі көбейген
303
оқылды

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын талқылап жатқан депутаттар бұл мәселені қаперге алатын уақыт келгенін айтты. Себебі әу баста онсыз да көңілі жарым балаларды бауырымызға басамыз деп алғандар, көбіне бала асырап алу процесіне бейжай қарайды, деп жазады Aikyn.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көбіне 10-13 жастағы балалар кері қайтарылады. Ал нақты себебін ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан бала құқығын қорғау мақсатында бала асырап алушылардың кәсіби институты ұғымы енгізіледі — жетімдер үйінен асырап алынатын әр баланың құқығы ашық жазылады.

"Асырап алынған баланың балалар үйіне қайтарып жатқаны азаймай тұр. Үнемі өсу үстінде. Мысалы, соңғы бес жылда балалар үйіне қайтарылған бала саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы 197 бала қайтарылған”, – дейді мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов. 

Еске салсақ, Алматы облысында жетім қалған екі баланы туған әпкесі мүлкінен айырған.