ҚазАвтоЖол Қарағанды облысындағы су тасқыны туралы ақпарат таратты.
Қарағанды облысында автожолды су басты
243
оқылды

«25 наурызда сағат 17:50 шамасында күннің тез жылынуы мен қардың еруі салдарынан Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны болды (жақын елді мекендер: Көкпекті ауылы, Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынының ұзындығы - 30 метр, биіктігі - 5 см. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан», — деп жазды ведомстводан.

«ҚАЖсервис» ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. Аталмыш шараға 2 техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.

Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.