Аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындайтын зертхананы өз үйінде-ақ ұйымдастырған М. есімді жігіттің бұлтартпас айғақпен сот отырысында барлық айыбы дәлелденді.
Ақмола облысында өз үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған адам сотталды
321
оқылды

Ақмолалық азамат үйінде отырып есірткі зертханасын ашып, заңсыз түрде психотропты есірткі заттарын дайындаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындайтын зертхананы өз үйінде-ақ ұйымдастырған  М. есімді жігіттің бұлтартпас айғақпен сот отырысында барлық айыбы дәлелденді. 

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алқабилер алқасының қатысуымен оны айыптау үкімі шықты. 

«Жедел тінту шаралары барысында жер үйдің ішінде жасырын есірткі зертханасы орын тепкені анықталды. Заңсыз айналымнан 5 келіден артық 50 мыңнан артық бірреттік дозасы бар РVР альфа психотроптық заттар тәркіленді. Айыпталушы сотқа тартылып, мемлекеттік айыпталушының М.-ның заңсыз есірткі зертханасы құрғанына бұлтартпас айғақтар алқабилерге ұсынылды», деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

Сот алқасының үкімімен есірткі зертханасын жасады деп айыпталған М. 14жылға бас бостандығынан айырылды.  

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы