Ақтөбе облысы мен қалалық мәслихаттарының «AMANAT» фракциясының мүше­лері су басқан аулалар мен көшелерге құм төсеу, су бұру, су сору, жолдарды қар суын­ан тазарту жұмыстарына атсалысып жатыр.
Күш – бірлікте!
866
оқылды

Депутаттар төтенше жағдай ке­­зінде жергілікті атқарушы ор­ган өкілдерімен бірге қаланың шет­кі бөлігіндегі тұрғын алаптары мен елді ме­кендердегі су басқан ау­мақ­тарды аралап, тұрғындардың дер кезінде көмек алуына көмектесуде. 

Мәселен, қаладағы Қызыл­жар-3 ауылына қауіп төнгенде ер-азаматтар тұрғындарға көмек көр­сетіп, бірнеше үйді тасқын су­дан аман алып қалды. 41-разъезд маңындағы су ағынын бұрып, құм тө­сеп, бөгет қою, су соратын сор­ғы­лар мен көліктердің жұмыс­та­рын бақылап, түнімен кезек­ші­лік­ке шықты. Халық қалаулыларының кейбірі өз қаражатына құм түсіріп бер­се, бірі сырттан келген суды бұру жұмыстарына атсалысты. Та­ғы бірі су келген аумақтарды қап­тармен жабу жұмыстарына бел ше­ше араласуда. 

Төтенше жағдай жария­лан­ған­да облыстық мәслихат депу­тат­тары Қарғалы және Елек өзен­де­рі­не жақын орналасқан аумақ­тар­да­ғы бау-бақша ұжымдарын ара­лап, тұрғындарды қауіпсіз жерге кө­шіруге үндеді. Олар түні бойы об­лыстық ТЖД қызметкерлері, ерік­тілер мен белсенді азамат­тар­мен бірге тұрғындарды қабылдау пунк­теріне орналастырды. Бірқа­тар депутаттар мектептерде орна­лас­қан қабылдау пункттеріне қа­жет заттар мен азық-түлік түрлерін жет­кізіп берді. 

Сондай-ақ депутаттар 11, 12-ші шағын аудандағы Сазды өзені ау­мағында жұмыс жасаған құт­қару­шыларды, әскерилер мен жұ­мыс­шыларды ыстық тамақпен қам­тамасыз етті. Депутат Күлшат Ма­салимованың айтуынша, су тас­қыны кезінде халықтың ауыз­бір­шілігі, құтқарушылар мен әс­керилердің, еріктілердің тыным­сыз еңбегі көрінуде. 

Облыстық мәслихат депутаты Күл­паршын Айдарханова екі бір­дей жүк көлігі мен топырақ та­сы­тып аулаларын су басқан тұрғын­дар­дың үйлерінің ауласын құрғату ісіне белсене араласуда. Ақтөбе об­лыстық мәслихатының депу­та­ты, «Анвар» ЖШС директоры, ме­ценат Талғат Салфиков 26 орта мек­теп пен М.Арын атындағы Қар­ғалы қазақ орта мектебінде ор­наласқан тұрғындарға азық-тү­лік, қажетті тұрмыстық заттар мен аяқкиімдер жеткізіп беруде.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жергілікті депутаттар мен «AMANAT» партиясы мү­шелерінің бірлікте іс тындырып жат­қанына тұрғындар ризашы­лық­тарын білдіруде. 

Берік БЕК