2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) өтетін XVII Паралимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы жолдамалар санын 11-ге жеткізді.
11 жолдама қоржында
1,364
оқылды

Туризм және Спорт министр­лігі мәлім еткендей, Паралим­пиада ойындарында спорттың 23 түрінен жарыс ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы әзір­ге спорттың 9 түрінен (пара жеңіл ат­летика, пара пауэрлифтинг, па­ра таеквондо, пара үстел тен­нисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волей­бол, пара нысана көздеу) өнер көр­сетуді жос­парлап отыр.

Осы уақытқа дейін паралим­пиадашылар 11 лицензия жеңіп алды. Атап айтсақ, отырып ой­найтын волейболдан ерлер құра­масы – 1, пара жеңіл атлетика бо­йынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэр­лифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1.

Со­нымен қатар биыл Пара­лим­­пиадаға лицензия беретін 23 спорттық іс-шара жоспарланған.