Күйеуіне автокөлік және Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған.
Астаналық әйел баласының еміне 1,7 миллиард  теңге жинап, автокөлік пен пәтер сатып алған (ВИДЕО)
Фото: Polisia.kz
11,644
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов «Талқы» бағдарламасында баласының еміне қаржы жинап, оған автокөлік пен пәтер алған әйел туралы айтты.

Айтуынша, Астана қаласының тұрғыны Instagram парақшасы арқылы «2019 жылғы ұлымды емдеймін» деп көпшіліктен көмек сұрап, 4 жылда 1,7 млрд теңге жинаған. Оған күйеуіне автокөлік және Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алыпты.

«Бала ресми түрде мүгедектік есебінде тұрған жоқ. 2020 жылдан бастап, оған 360 мың пайдаланушы 1,7 млрд теңге ақша аударған. Ал баланың еміне қажет ақша 50 млн теңге»,  дейді ресми өкіл. 

Әйел Іnstagram парақшасын дамыту үшін күніне 150 мың теңге, жалпы осы мақсатта 333 млн теңге жұмсаған. Өздері ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. 

«Баланы емдеу үшін Мәскеуге барып, 3,3 млн теңге, Түркияда 3,1 млн теңге жұмсаған. Жалпы, баланың еміне 6,4 млн теңге жұмсаған. Бұл жиналған ақшаның 3 пайызы ғана»,  дейді Әлібек Әбділов.