Шымкентте 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сай Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүр­гені белгілі.
Жолайрық жақсы, қураған ағаштың обалы кімге?
740
оқылды

Алайда келешекте тұрғындарға пайдасы мол болар жолайрықтың құрылысы кезінде айналасындағы талай ғимаратқа, кәсіпкерлік нысандарға зиянын тигізгені рас. Осынау алып құрылыс жұмыстары кезінде жолаушылар мен жаяу жүргіншілер де талай қиын­дыққа душар болды. Есесіне, адамдарды біраз әбігерге салған жо­лайрық бүгінде пайдалануға беріліп, жұрт кеңейген жолдың қызығын көруде. Алайда өкінішке қарай, құрылыс жұмыстары басталған кезде аумағы 117 гектар болатын дендробақтағы ағаштарға да үлкен шы­ғын алып келіпті. Осынау жолайрық құрылысы басталған сәттен бері дендрологиялық саябақта 8 000-ға жуық ағаш қурап кеткен. Оның себебін мамандар құрылыс кезінде құбырлардың кесіліп кетуімен түсіндіреді. 

«Былтыр жыл басында дендро­сая­бақтағы ағаштардың неге қурап бара жат­қанын түсінбей дал болған билік эко­логиялық сараптама жүргізуді та­ғайын­даған. Осылайша, дендросая­бақ­қа алдағы 2 жылда Индонезия, Ко­­­­рея секілді елдерден 10 түрлі ағаш, жал­пы 500 түрлі көшет егіледі», – деп айт­қан еді Шымкент қалалық жайлы ор­таны дамыту басқармасының сол кез­дегі басшысы Ержан Жолдасов. «Сон­дай-ақ мұндағы көгалдардың 40 пайы­зына тамшылатып суару техно­ло­гиясы қолданылса, қалған бөлігіне ав­томатты суару жүйесі енгізіледі. Жал­­пы, биыл жыл соңына дейін ден-д­ро­­­саябақ толығымен сумен қамты­ла­тын болады», – деп сенімді жауап бер­ген сол кезде. 

Әлі күнге дейін дендросаябақты су­л­андыру мәселесі шешімін таппай отыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Мырзахмет Сынабаев қа­ла басшысына жанайқайын білдірді. Ол қаладағы ең үлкен бақтың 3 жыл­дан бері сусыз отырғанын айтып, шы­­­­­рылдады. Дәл осылай жалғаса бе­ре­тін болса, саябақтағы ағаштардың бә­­рі қурап қалатынын жеткізді. Көк­тем шығып, күн жылынды, тіршілік нә­рі саналатын судан тапшылық бол­­са, кө­шеттер нәрсіз қалмақ. Мә­се­ле қо­ғамдық кеңестің кезекті отырысында да қаралды. Ал дендро саябақ басшысы Гүлнар Сапарымбет бұл мәселенің 3 жылдан бері өзекті болып отырғанын жасырмайды. Әйткенмен, жолайрық са­лынып жатқанда құбырлардың жа­рам­сыздану салдарынан болған бұл ке­леңсіздіктің шешімі биыл табылып қа­лар деген үмітте саябақ басшысы. Гүл­нар Бертайқызының сөзінен қан­ша дегенмен әкімдікке бағынышты ме­­­кеме болған соң аса наразылық бай­­­қалмайды. Керісінше, «биыл суды өз деңгейінде алатын шығармыз, проб­лема болмау керек» деп сенім біл­діріп отыр. Әрине, лайым сенім ақ­талсын, былтыр ғана 500 түрлі кө­шет егеміз, оның 40 пайызына там­шы­­­латып суару технологиясы қол­да­ныл­са, қалған бөлігіне автоматты суа­­ру жүйесі енгізіледі деп нық се­нім­мен айтқан бұрынғы басшының кебін кимесе деп тілейміз. Еске сала кетейік, 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бас­тамасымен пайда болған дендробаққа жалпы 600-ге жуық түрлі тал-дарақ егіл­ген. Қазір соның 200 түрі ғана кө­ге­ріп тұр. 

Үшінші мегаполисте қыруар қар­жы жұмсалып егілген көшеттердің кө­гермей көктей солатыны жиі қоғам­дық пікір туғызады. Әсіресе, осыдан 7-8 жыл бұрын 38 гектар аумақта «Шат­қал» деген бағдарламамен онда­ғын мың ағаш көшеті егілген. Сөйтіп, 17 мың гектар аумақты халық дема­ла­тын орынға айналдыру көзделген. Бү­­­гінде «Шатқалға» егілген ағаш­тар­дың 90 пайызы қурап, сұраусыз қалды. Қаң­ғыбас иттердің мекеніне айналған ай­мақ қазір тіпті аянышты күйде. Алай­да оған бас ауыртып жатқан билік кө­рінбейді. Өңірде мұнан өзге де кө­шет­тердің қурап, солып қала беретіні, ара­гідік тұрғындардың ашу-ызасына тиіп жатады. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы