2024 жылдың 1 мамырында Қазақстанда әлеуметтік осал топтағы адамдар үшін мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын ипотекалық бағдарлама басталады.
1 мамырдан бастап мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын ипотекалық бағдарлама іске қосылады
1,074
оқылды

2024 жылдың 1 мамырында Қазақстанда әлеуметтік осал топтағы адамдар үшін мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын ипотекалық бағдарлама басталады. Бұл туралы бүгін Үкіметте  өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Azattyq Ruhy.-на  сілтеме жасап. 

Министр мәлім еткендей, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазір «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатыр.

«Бұл қаражат –  бағдарламаның жалпы сомасы. Бұл ипотекалық бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие ставкасы 7%-дан аспайды. 1  мамыр күні бағдарламаның барлық шартын толығымен жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырда басталады», – деді Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда өңір тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.