Ол қол қусырып отыр деп әңгіме таратып жатқан тыңдармандарына жағдайды түсіндірді.
Ерке Есмахан су астында қалған өңірлерге көмек беруге қатысты пікір білдірді
Фото: Instagram
28,273
оқылды

Әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек беруге қатысты пікірін айтты.

Өнер иесі қазір қолдан келгенше көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

«Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Отбасы болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда», – деп жазды әнші. 

Ол қол қусырып отыр деп әңгіме таратып жатқан тыңдармандарына жағдайды түсіндірді.

«Жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей.  Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!», – деді әнші.