Жол апаты 1 сәуір күні болған.
Астана-Петропавл тасжолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты
628
оқылды

Астана-Петропавл тасжолының 112-шақырымында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 сәуір күні болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, сағат 20:58-де Көкшетау жақтан келе жатқан DAF XF 95-480 маркалы көлігі жол шетінде тұрған "КамАЗ" көлігінің артына соғылған. Болжам бойынша, жол шетінде тұрған жүк көлігі ешқандай белгі қоспаған, дабыл жарығы жанбаған.  

Соқтығысу салдарынан екі көлік те аударылып, жолдың екінші және үшінші жолақтарын жауып тастады. «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. DAF жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.  

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді ведомстводан.