Еуразия ұлттық университетінің докторанты Асылтас Қалтенова шетелдіктерге қазақ тілін үйренуге көмектесетін Sana қосымшасын әзірлеу үстінде.
ЕҰУ шетелдіктерге қазақ тілін үйрететін қосымша әзірлеп жатыр
657
оқылды

Бірегей қосымша қазақ тіліндегі күнделікті қолдануға арналған диалогтер мен оларға грамматикалық толықтыруларды ұсынады. Жоба Еуразия ұлттық унивверситетінің  Jana Asu  гранты есебінен қаржыландырылады. Ғалымдар қосымшаны келесі жылы қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.  

«Қазақстанда қазақша сөйлеуді үйренгісі келетін шетелдіктер көп. Бірақ өкінішке қарай, біздің нарықта жоғары сапалы веб-ресурстар мен қосымшалар аз. Қолданыстағы бағдарламалар қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасын ғана түсіндіреді, ал практикалық сөздер, сөз тіркестері, диалогтер жоқ. Сондықтан мен осындай олқылықтың орнын толықтырғым келді. Менің мақсатым – қазақ тілін халықаралық деңгейге шығару және мұндай қосымшалар ана тілімізді шетелдік қонақтар арасында дәріптеуге септігін тигізеді деп санаймын», – дейді Асылтас Қалтенова.

Қазір ІТ мамандар мен ғалымдар мобильді қосымшаның прототипін және кешенді диалогтерді әзірлеуге кірісті. Бағдарламада грамматикалық және лексикалық түсініктемелерден тұратын аудио нұсқаулықтар қарастырылған. Мобильді қосымша Android және iOS пайдаланушылары үшін қолжетімді болмақ.