Уханьнан оралған студенттердің қанша уақыт бақылауда болатыны белгілі болды
Уханьнан оралған студенттердің қанша  уақыт бақылауда болатыны белгілі болды
© inform.kz
388
оқылды
Ухань қаласынан эвакуацияланған азаматтар 16 ақпанға дейін каратинде болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты. «Карантин біткенше, яғни 16 ақпанға дейін Ухань қаласынан келген азаматтарға баруға болмайды. Тіпті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де. Кеше Денсаулық сақтау министрлігі барлық телеарналар үшін арнайы сюжет түсірді. Ол туралы facebook парақшасында да жарияланды. Студенттер журналистермен болған әңгімеде өздеріне барлық жағдай жасалғанын және медициналық қызметкерлердің өте жақсы қарап жатқанын жеткізді», - деді Диас Ахметшәріп Қазмедиа орталығында өткен брифингте. Айта кетейік, 2020 жылдың 2 ақпанында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Қытайдың Ухань қаласынан 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті елге жеткізді . Олар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан көпбейінді аурухана жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды. Ұлттық сараптама орталығы 249 материалды зерттеді және коронавирус табылмады.