Бүгінге дейін 300-ден астам адам жұмылдырылып, 10 трактор, 2 арнайы техника көмегімен 1 шақырым ұзындықта 3 м каналдың бойына бөгет соғылды.
Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылында су тасқынымен күрес тәулік бойы жүріп жатыр
Фото: Ерлан Алтыбаев
814
оқылды

Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылы аралда қалғандай суға қоршалып тұр. 

Бүгінге дейін 300-ден астам адам жұмылдырылып, 10 трактор, 2 арнайы техника көмегімен 1 шақырым ұзындықта 3 м каналдың бойына бөгет соғылды.

Судың деңгейі қазір 80 см.

«Қазір қауіп аздап сейілген. Түнімен 400-ге жуық адам жұмыс істеді. 275 адам эвакуацияланды. Өкінішке қарай, ауылдағы мешіт, жаңадан салынып жатқан спорт кешені және қырдағы 4 үй суға кетті», дейді Көздіғара селолық округінің әкімі Ернар Изимов.

Судың қарқыны қатты болғаны сондай, ауыл тұрғындарының күшімен тұрғызылған екі бөгетті су жарып өткен. Үйлерді қорғау мақсатында арнайы мамандармен ауыл тұрғындары бірігіп, қазіргі уақытта үшінші бөгетті тұрғызып жатыр.

Ауылды судан қорғауға Төтенше жағдайлар департаментінің 50 маманымен бірге, 400-ге жуық ерікті тәулік бойы бөгетті бекітіп жатыр.

Баян Жанұзақова