Синоптиктер 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. жетеді.
Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай жарқылдап, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.