С.Ридель мұны Жайық өзені бассейнінде қалыптасып отырған гидрологиялық және су шаруашылығы жағдайымен, Ирикла су қоймасына құйылып жатқан ағыстың көбеюімен түсіндірген.
Су тасқыны: Орынбордағы Ирикла су қоймасынан секундына 1 600 текше метр су жіберіліп жатыр
Фото: wiki2.org
926
оқылды

Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан секундына 1 600 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының басшысы Рауан Хұсайыновқа Төменгі Еділ бассейндік су басқармасы Орынбор облысы бойынша су ресурстары бөлімінің бастығы Сергей Ридель мәлім етті,  деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

С.Ридель мұны Жайық өзені бассейнінде қалыптасып отырған гидрологиялық және су шаруашылығы жағдайымен, Ирикла су қоймасына құйылып жатқан ағыстың көбеюімен түсіндірген.

Осылайша, Ирикла қоймасынан су жіберу бір тәулік ішінде әлденеше рет өсті. Айталық, кеше аталған қоймадан секундына 790 текше метр су босатылған еді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың бүгінгі сағат 12.00-де берген мәліметі бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 702 (қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 592 (850) сантиметрге жетті.

Шаған өзені Чувашин тұсында қауіпті деңгейден (1 300) 5 сантиметрге асып кетті. Ал Деркөл өзенінің деңгейі Белес ауылында 25 сантиметрге төмендеді.