Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды.
Нариман, Нұриман, Нұрман: Түркістан облысында 40 жастағы әйел үшем босанды
3,973
оқылды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансәуле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты.

Бәйдібектік "батыр ана" бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады. Оның айтуынша, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген.

"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым", - деп жазды батыр ананың сөзін Massaget.kz.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жан сақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған. Мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 2024 жылы 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.