Қазір аталған республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
"Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар автожолын су басты
901
оқылды

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында "Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар автожолын су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– "Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар автожолының 103-104 шақырымында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты автожол арқылы су тасқыны болды. 4-119 учаскелері автокөліктің барлық түрлері үшін жабық, – делінген хабарламада. 

Осыған байланысты жергілікті атқарушы орган және аудандық полиция бөлімі күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Сондай-ақ жолда ескерту белгілері орнатылды.