4 сәуір күнгі мәлімет бойынша, ауданда су шайған аумақтардан 200 адам эвакуацияланды.
Су тасқыны: "Атырау-Құлсары" бағытында жолаушыларды пойызбен тегін  тасымалдап жатыр
Фото: atr.kz
2,641
оқылды

"Құлсары-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызы 5 сәуір күні тегін қатынайды. "Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметінше, аталған бағыттағы пойыз бүгін яғни, 5 сәуір күні сағат 10:30-да Құлсары стансасынан Атырауға жүреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Пойыз сағат 19:00-де Атыраудан Құлсарыға жүреді.

Сондай-ақ жолаушының сұранысы негізінде, жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат стансаларына тоқтайтын болады.

Су тасқыны тұрақталмаған жағдайда, тегін пойыз қатынасы тағы жалғасуы мүмкін.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметінше, Жылыой ауданында ахуал күрделі.

4 сәуір күнгі мәлімет бойынша, ауданда су шайған аумақтардан 200 адам эвакуацияланды. 

Баян Жанұзақова