Жылыой ауданында жалпы орта білім беретін 20 мектеп бар.
Атырау облысы Жылыой ауданында мектепте сабақ онлайн форматқа ауыстырылды
1,613
оқылды

Атырау облысының Жылыой ауданында су тасқынына байланысты мектептердегі сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Сондай-ақ аталған елді мекенде балабақшалар уақытша жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жылыой ауданында кеше, 4 сәуір күні тасқын судан төнген қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Белгілі болғандай, Жем өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Қарағай елді мекеніне кіру қаупі туындады. Аудан орталығы – Құлсары қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кенті аралығындағы жолдың бір бөлігін су басты.

«Төтенше жағдайға байланысты мектептер онлайн форматқа көшірілді. Ал  балабақшаларды уақытша жабуға шешім қабылданды», деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жылыой ауданында жалпы орта білім беретін 20 мектепте 18 830 оқушы білім алады. Сондай-ақ ауданда мектепке дейінгі тәрбие беретін 20 балабақша бар. Аталған мекемелерде 5 мың бала тәрбиеленіп жатыр.