Қазір өңірлік тұрақтандыру қорында 9 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнім бар.
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға тұрақтандыру қорынан азық-түлік жеткізіледі
Фото: СҚО әкімдігі баспасөз қызметінен
701
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан күрделі жағдай қалыптасқан елді мекендерге азық-түлік тұрақтандыру қорынан жеткізілмек, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі тұрақтандыру қорын тексерді.

Қазір онда 9 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнім бар. Олар: көкөністер, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа және күнбағыс майы. Қорда 5 айға жететін өнім бар.

«Қажет болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімі күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасатын елді мекендерге көліктермен жеткізілмек. Жалпы, бұл кезеңде ең қажетті тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеу және баға өзгерген кезде интервенция жасау өте маңызды», деді облыс әкімі.