Алаяқтар ақшаны заңсыз иемдену мақсатында азаматтардан қаржылық операцияларды жүргізуге қатысты көмек сұрайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
7,043
оқылды

Елімізде қазір өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып жүрген телефон алаяқтарының әрекеттері жиілеп кеткен. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаскүнемдер ақшаны заңсыз иемдену мақсатында азаматтардан қаржылық операцияларды жүргізуге қатысты көмек сұрайды.

«ҰҚК өкілдерінің қызметтік міндеттерін орындау аясында азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаймыз»,  делінген хабарламада. 

Сондықтан күдік тудыратын телефон қоңыраулары мен хабарламалар, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы хаттар келіп түскен кезде полиция органдарына жүгіну керек.