Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
"Найзағай, бұршақ, дауыл": 6-8 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: nur.kz/ Петр Карандашов
1,287
оқылды

«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады, 6-8 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауып, жел күшейеді. 6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда. Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді. Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20 жылыға дейін көтеріледі.