Үй ішінде қызын аяусыз ұрған әйелдің әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.
Шымкентте қызын аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
737
оқылды

Кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Үй ішінде қызын аяусыз ұрған әйелдің әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Тіпті, пышақ тақап, басынан шелекпен ұрған сәті камераға анық түсіп қалған. Жасөспірім қызының айқайлап жылағанына қарамастан, бетінен жұдырықпен ұрып, басынан тепкен. Сондай-ақ бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтады. Аталған жайт бойынша 2024 жылғы 31 наурызда қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің бірінші некесінен туған жәбірленуші кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Іс Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бақылауында», – делінген ведомство ақпаратында.