Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жем өзенінің суы көтеріліп, Құрсай каналы арнасынан асқан.
Құлсары қаласында 500 үйді тасқын су басып, 2400 адам көшірілді
1,098
оқылды

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында 500 үй тасқын судың астында қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жем өзенінің суы көтеріліп, Құрсай каналы арнасынан асқан. 

Атырау
Фото: Рахим Қойлыбаев

«Құлсары қаласында 500 үйді тасқын су басты. Қаладан 2 400 тұрғын қауіпсіз аумаққа көшірілді. Тұрғындар арнайы бөлінген қабылдау пункттеріне орналастырылды. Эвакуацияланатын тұрғындар үшін «Теңіз» кен орнында вахталық кенттен жатақханалар дайындалып жатыр», – деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Қазір бөгет салу, нығайту жұмысы жүріп жатыр. Оған жергілікті атқарушы органнан, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер департаменттерінен, №41433 әскери бөлімінен 323 қызметкер, 142 техника тартылған. 

Атырау
Фото: Рахим Қойлыбаев

«Жылыой ауданында тасқын судан қорғау үшін құм толтырылған 45 452 қап, 174 мың тонна инертті материал төселді. Бұл жұмысқа 4540 ерікті жұмылды», – деп мәлім етті облыстық жедел штабтан. 

Атырау
Фото: Рахим Қойлыбаев