Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл күтіледі.
"Тұман, жел, жаңбыр": 6 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
1,427
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 6 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, батыс, оңтүстік облыстарында найзағай күтіледі. Тек солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетін антициклон жотасы әсер етеді.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл күтіледі.