«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қызметкерлері мәслихат депутаттарымен, әкімдік өкілдерімен және БПҰ мүшелерімен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына 80 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.
100 тонна гуманитарлық көмек жинады
740
оқылды

Бұған дейін партиялықтар Қостанай облысының тұрғындарына 20 тонна жүк жинаған еді. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар және өзге де қажетті тауарлар бар.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сын сағатта бәріміз бірге әрекет етуіміз керек. Әр азамат ортақ іске өз үлесін қосқысы келеді. Астаналықтар ерекше белсенділік танытып, тәулік бойы азық-түлік, киім-кешек жеткізіп жатты. Біз су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созуды азаматтық міндетіміз деп санаймыз. Игі іске депутаттар мен кәсіпкерлер де аянбай атсалысты», – деді «AMANAT» партиясы Астана қа­ла­лық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.