Пре­зи­ден­т Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Өзбек­стан­ға жұ­мыс сапарымен бар­ды.
Хиуадағы кездесудің символдық мәні бар
1,116
оқылды

Онда ол Өзбекстан Пре­зи­ден­ті Шавкат Мирзиёев бейре­с­ми кездесу өт­кізіп, Хиуа қала­сы­ның көрнекті жерлері мен кілем фаб­рикасын аралады. Сапар ба­рысында қос ел арасындағы ст­ратегиялық серіктестік пен одақ­тастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өз­бек­стан Пре­зиденті Шавкат Мир­зиёев бей­ресми кездесу өт­кізді. Қос ел пре­зиденттері Қа­зақ­стан мен Өз­­­­бекстан ара­сын­дағы стра­те­гия­лық серіктестік пен одақ­тас­тық­ты одан әрі ны­ғайту мәсе­ле­ле­рін талқылады. Қа­­зақстан Пре­зиденті ислам өр­кениеті мен сәу­лет өнерінің жауһары сана­ла­тын Хиуа қала­сын­да өтіп жатқан кез­десудің сим­волдық мәні бар екеніне на­зар аударып, барлық ба­ғыт бойын­­ша табысты дамып ке­ле жат­­қан екі­жақты ынты­мақ­тас­тық­қа көңілі толатынын мә­лім­деді.

Мемлекет басшысының ай­туын­ша, екі ел үкіметтері қол жет­­кізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру ісімен белсенді айналысып жатыр. Тиісті «жол карталары» жос­парлы түрде орындалып, қол қойыл­ған келісімдер мен сауда ке­лісімшарттары бойынша жұ­мыс жүргізілуде. Өзара тауар ай­­­налымының көрсеткіштері жа­ман емес. Өткен жылдың қо­ры­тындысы бойынша оның кө­ле­мі 4,4 миллиард долларды құ­ра­ды. Өнеркәсіп, энергетика, кө­лік және логистика, ауыл шаруа­шылығы салаларында бір­лескен жобалар жүзеге асырылып жа­тыр. Бүгінде портфелімізде ин­вестиция көлемі 2,5 миллиард дол­лардан асатын 60 бірлескен жоба бар. Оның аясында 13 мың­нан астам жұмыс орны ашылады. Ха­лықаралық өнеркәсіп коопе­ра­циясы орталығын салу жобасы да сәтті ілгерілеп келеді.

Президент қазақ-өзбек тан­­­­демі өмірлік қажеттіліктен туғанын және бірге әрі жұ­мы­ла әрекет еткенде ғана ел­дері­міздің орнықты дамуын қам­тамасыз етуге болатынын айтты. Осы орайда Мемлекет бас­шысы Қазақстан мен Өз­бекстан арасындағы стра­тегия­­лық серіктестік пен одақ­тастықтың 2034 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау бас­тамасын қолдады.

Кездесуде президенттер өз­­ара тауар айналымын ұл­ғайту, энергетика, көлік, су шаруашылығы, IT салаларын­дағы ынтымақтастық­ты дамы­ту сияқты экономикалық ық­­­пал­­дастықтың сан алуан мәсе­лесі жөнінде пікір алмасты. Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды өркендету, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның бірегей туристік әлеуетін пай­далану мүмкіндіктеріне айрықша мән берілді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарас­тырды.

Келіссөз барысында мем­лекеттер басшылары Орталық Азия­дағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударды. Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері бас­шыларының кезекті алтын­шы Консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпал­дас­тық перспективалары тал­қыланды.

Екі ел басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты ны­ғайту үшін Қазақстан мен Өз­бек­станның теміржол әкім­шілік­тері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бас­та­маға қолдау білдірді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құрудағы мақсат – Қытай–Қазақстан–Өзбекстан бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қазақ-қытай шекарасындағы және Өзбекстандағы жүк тер­миналдарын өзара тиімді негізде пайдалану.

Аталған жоба екіжақты сау­­даны жандандырып, тауар тасымалының көлемін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оңтүстік бағыттағы жүк тасымалын ұлғай­туға қолайлы жағдай туғызады. Бұдан бөлек, Бірлескен кәсіп­орын Трансауған бағытын дамы­туға жұмылдырылады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын HIVA GILAMLARI кілем тоқу фабрикасын аралап көрді. Іргесі 1977 жылы қаланған кәсіпорынға жаңа инвестор толықтай реконструкция жаса­ған. Мұнда жылына 4,2 миллион шаршы метр кілем тоқитын төрт цех жұмыс істейді. Мемлекеттер басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цех­тары және дайын кілем үлгі­лері­нің шоу-румы көрсетілді. Кәсіпорын директоры Камол Абдуллаевтың айтуынша, фаб­рика кілемдері ішкі нарыққа са­тылады, сондай-ақ ТМД ел­­деріне, ҚХР мен АҚШ-қа экспортқа шығарылады.

Бұдан кейін президенттер Өзбекстан өнеркәсіп тауар­ларының көрмесін тамашалады. Павильондарда арнаулы тех­ника, электр техникалық жаб­дық­тар үлгілері, бау-бақша ша­руа­шылығының селекциялық же­тістіктері, тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, жібек, тері және зер­герлік бұйымдар көрмеге қо­йылған.

Президенттер шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Арал теңізінің табанына сексеуіл егіп, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлескен күш-жігер жұмсау қажет екеніне назар аударды.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Пре­зидент Шавкат Мирзиёевпен бірге ежелгі Хиуа шаһарының тарихи орталығындағы «Ишан-қала» қалашығына барды.

«Ишан қала» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізі­міне Орталық Азиядан ен­ген алғашқы ескерткіш са­налады. Мемлекеттік тари­хи-археологиялық музей-қорығында 400-ге жуық тұрғын үй ғимараты, сондай-ақ алпысқа тарта тарихи және сәулет ес­керткіші орналасқан.

Мемлекеттер басшыларының қалашыққа экскурсиясы «Ата дарбаза» қақпасынан басталды. Мәртебелі мейманның құрметіне орай өзбек халқының ән-күйі шырқалып, театрландырылған көрініс қойылды.

Одан әрі олар «Куня Арк» кешенін, Шерғазы хан мед­ресесін, Мұхаммед әмин Инақ медресесін, Жұма мешітін және «Таш хаули» кешенін аралап көрді.

Содан кейін Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Хи­уаның ортағасырлық шайы­ры, ағартушы, сопы әрі ойшыл Палуан Махмұд (1247-1326) ке­сенесіне зиярат жасап, оның рухына Құран бағыштады. Па­луан Махмұд кесенесі өзбек, тү­рік­мен, қарақалпақ және басқа да халықтардың мінәжат етіп баратын қасиетті мекені саналады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Ми­рзиёев хорезм сәулет өне­­­­рі­нің бірегей ескерткіші – Нұролла бай сарайына барды. Сарай-саябақ кешенін XIX ғасырдың бас кезінде II Мұхаммед Рахым хан өзінің ұлы – хан тағының мұрагері Асфендиярға арнап, хиуалық бай көпес Нұролланың иелігіндегі үлкен бақтың орнына салдырған. Құрылысқа хиуалық шеберлер мен суретшілерден бөлек, Ресей­ден және Германиядан мамандар алдырған. Дәстүрлі шығыс сәу­­леті өнері мен еуропалық сти­ль­дің әдемі үйлесімі нысан­ның келбетінен де көрініп тұ­рады.

Екі ел басшылары Хиуа хан­дығының бас уәзірі болған Сейіт Ибрагим қожаның үйін, «Беш хаули» кешенін, сарайдағы басқа да бөлмелерді, қонақ күтетін үй-жайларды аралап көрді.

Содан соң президенттер «Өз­­бек-қазақ суретшілерінің туын­дыларындағы халықтар бірлігі» бейнелеу өнері көрмесін, «XIX-XX ғасырларда түсірілген фотосуреттердегі Хорезм» көр­месін, соның ішінде өзбек ұлт­тық фотоөнері мен деректі киносының негізін қалаушы Құ­дай­берген Диуановтың сурет­терін тамашалады.