Жылыойдың аудандық ауруханасынан 39 науқас пен оларға күтім жасайтын 8 адам Бейнеудің орталық аудандық ауруханасына эвакуацияланған.
Жылыой аудандық ауруханасында науқас қалған жоқ
535
оқылды

Олардың ішінде екі жүкті әйел, 8 босанған әйел мен 13 бала, соның ішінде 4 жаңа ғана дүниеге келген нәресте бар,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Су басу аумағынан реанимация бөлімінің 3 науқасын, хирургия бөлімінен 7, терапия бөлімінен 6 адамды эвакуцияладық. Жалпы, Атырау облысынан Бейнеу ауруханасына келетін науқастар үшін 300 төсек-орны дайындалды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде, деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев azh.kz сайтына.

Айта кетейік, Құлсарыдан Бейнеу ауруханасына дейінгі қашықтық 225 шақырым құрайды. Эвакуациялау жұмыстарына 14 реаномобиль, 1 Икарус автобусы тартылып отыр, науқастардың қасында 8 дәрігер бар.