15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.
Қырғыз Республикасы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
1,469
оқылды

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады, – деп жазады Aikyn.kz.  

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан төтенше жағдайдан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.