Бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Су тасқыны болған аймақтардан тікелей хабар таратылады – Ерлан Қарин
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
865
оқылды

Су тасқынына қатысты қазіргі ахуал туралы ақпарат тарату үшін Орталық коммуникациялар қызметінде Республикалық ақпараттық штаб құрылған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды, – деп жазады Aikyn.kz. 

Бұл штаб БАҚ өкілдерін құзырлы органдардан түскен мәліметпен тәулік бойы қамтамасыз етеді. Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Қазгидромет және басқа да мекеме өкілдерінің қатысуымен қосымша онлайн брифингтер ұйымдастырылады. 

«Төтенше жағдай жарияланған 10 аймақтан жергілікті штабтармен онлайн брифингтер жоспарланып отыр. «24kz» телеарнасының эфирлік уақыты Республикалық ақпараттық штабтың жұмысымен үйлестіріліп, брифингтерден тікелей хабар таратылады. Бұдан бөлек, телеарнадағы жаңалықтардың эфирге шығу жиілігі артып, су тасқынымен күресу және оның салдарын жою, құтқару қызметтерінің, волонтерлік ұйымдардың және басқа да азаматтардың бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап жеткізу барысы туралы тұрақты ақпарат берілетін болады», – деп жазды Ерлан Қарин.