Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары облыс басшылығына бірқатар тапсырма берді.
Роман Скляр су тасқыны жағдайы бойынша СҚО-да жедел кеңес өткізді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
638
оқылды

СҚО-да бірінші вице-премьердің басшылығымен су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспары анықталды, Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынына қарсы күресті тиімді үйлестіру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.  

Облыста су тасқыны бойынша күрделі жағдай қалыптасып отыр. Су деңгейінің күрт көтерілуі критикалық деңгейден жоғары болады деп болжанады. Сәуірдің 5-нен бастап Сергеев су қоймасы толып, арнасынан асты. Петропавл қаласының маңындағы су деңгейінің алғашқы көтерілуі 6 күннен кейін басталып, ал су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының аяғында болады деп болжанып отыр. 

Роман Скляр су тасқынының келеңсіз сценарийін болдырмау үшін бар күш-жігерді салу керектігін атап өтті. Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті көмекті көрсету бойынша кешенді шараларды қолға алу қажет. Көмектің тез арада және қағазбастылықсыз көрсетілгені маңызды. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары облыс басшылығына тұрғындарды эвакуациялау пункттерін дайындауды, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, тұрғындар арасында тасқын кезіндегі ережелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, қаптарды инертті материалмен толтыруды, егістіктерде еріген судың жиналуын үнемі бақылауды, күштер мен құралдардың тәулік бойы дайындығын қамтамасыз етуді, ықтимал су тасқынын жою үшін Сергеев, Шағалалы және Сілеті су қоймаларынан судың ағуына тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды.