Халқымыз «Күш – бірлікте» деп бекер айтпаған.
Су тасқыны баршамыздың басымызға түскен жүк деп санаймын – мәслихат депутаты
1,297
оқылды

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Имашев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бірлесе көмектесуге шақырды.

Ол табиғи апат баршамыздың басымызға түскен жүк деп екенін атап өтті.

«Табиғи апат айтып келмейтіні белгілі. Көктемнің мезгілінде бірқатар аймақта су тасқыны болып, тұрғындар үйсіз қалғанын білеміз. Қазақ халқымыз «Күш бірлікте» деп бекер айтпаған. Халқымыздың басына қиындық туған сәтте жұдырықтай жұмылып, барша қазақ елі көмегін аямады. Шымкент қаласынан аманаттық фракция мүшелері мәселе бейжай қарамай, батыстық ағайын жұртқа 20 тонналық азық-түлік пен қажетті заттарды апардық. Бұл баршамыздың басымызға түскен жүк деп санаймын», - дейді мәслихат депутаты. 

Қайрат Имашев Президенттің сөзі қиныншылықта жүрген тұрғындардың ойына сенім ұялатқанын айтты.

«Қуантып отырғаны қиын-қыстау кезінде Ел Президенті халықтың жанынан табылды. Барлық үйі мен малынан, дүние мүлкінен айырылған азаматтармен жолығып, шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты. Мемлекет басшысының «бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмек көрсетеді. Оған еш алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады», – деген сөзі қиныншылықта жүрген тұрғындардың ойына сенім ұялатты. Сондықтан қиындықты еңсеріп, жаңа күндерді бастауымыз тиіс деп есептеймін. Зардап шеккен халыққа барынша қолдау көрсетіледі. Баспана, мал шаруашылығы т.б. мәселелер түгелдей Мемлекет басшысының бақылауымен толық шешімін табады. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Тек бірлесе отырып жұмыс істеуіміз тиіс. Баршаңызды бірлік пен ынтымақта қызмет етуге шақырамын», - деді ол.