Өзара көмек дәстүрі әрқашан біздің халқымызға тән болды. Осы жылдар ішінде халықтық өзара көмек тек кеңейе түседі.
Барлық өңір тұрғындары, кәсіпкерлер, қайырымдылық жасаушылар зардап шеккен өңірлерге көмек беруге белсенді қатысуда
640
оқылды

Бұл туралы ОКҚ - да ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова айтып, елдегі су тасқыны жағдайында мысалдар келтірді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атырау облысының 5 мыңнан астам еріктілері қаптарды пайдаланып жағалау сызығын нығайтуға және су басқан аудандардан тұрғындарды эвакуациялауды жүзеге асыруға жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан облысында еріктілер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп,  су басқан кенттердің 500-ден астам тұрғынын эвкуациялады. Павлодар облысының 260 еріктісі су тасқынына ұшыраған аудандарға барды. Еріктілер жалғыз тұратын азаматтардың аулаларын қардан тазарту, су бұру жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ су басқан учаскелерде жұмыс істейтін құтқарушылар мен еріктілерге ыстық шай мен тағамдар ұсына отырып, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады. Қостанай облысының Арқалық қаласында күн сайын 5 қоғамдық тамақтандыру нысаны 300-ден астам адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Түркістан облысынан келген 15 жас волонтер Ақтөбе облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетеді және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысады.

«Айта кету керек, барлық өңір тұрғындары, кәсіпкерлер, қайырымдылық жасаушылар зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинауға және жеткізуге белсенді қатысады. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 378 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның 280 тоннадан астамы зардап шеккен аймақтарға жеткізілді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі», - деді спикер.

Мысалы, «Анаға тағзым» орталығында және Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімдігінің ғимаратында гуманитарлық көмек жинау бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізілуде. Еріктілер заттар мен өнімдерді жинау пункттерінен эвакопункттерге тәулік бойы тасымалдауға көмектеседі. Астана қаласында еріктілер Батыс Қазақстан облысына 7 Үлкен Газель, Қостанай облысына 9 Газель жинап, жөнелтті. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына қосымша гуманитарлық көмек жүктерін жөнелту жоспарлануда. Алматы қаласының еріктілері Air Astana әуе компаниясының көмегімен зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмекті тегін жеткізуді ұйымдастырды.

Қызылорда қаласында және оның аудандарында гуманитарлық көмек жинайтын 9 пункт ашылды. Еріктілер Ақтөбе облысына 112 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен 23 гуманитарлық көмек жүк машинасы, сондай-ақ 14 арнайы машина жіберілді.