10 өңірде әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 30 ТЖ жариялады.
Төтенше жағдайлар министрлігі: 6 облыс су астында қалды
902
оқылды

Бұл  – Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстары, БҚО, СҚО, Абай, Ұлытау облыстары. Су тасқыны кезінен бастап ел бойынша 72 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 17 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бар, – деп жазады Aikyn.kz. 

Уақытша орналастыру пункттерінде қазір 14 466 адам бар, оның ішінде 7 269 бала бар. Құтқару және эвакуациялау әуе бортының көмегімен жүзеге асырылады. 2,6 мыңнан астам адам тасымалданды. Мұндай деректерді ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева айтты.

Бүгінде  6 облыс – Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау облыстары, СҚО су астында қалып отыр. Су астында 3 702 үй қалды.

«ТЖ министрі мен жедел штаб қызметкерлері Қостанай облысында жұмыс істеп жатыр, Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі сақталуда. Бүгінде  өңірдің ТЖД күштерімен еріктілер тартылуда, Қызылорда, Астана, Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан күштер топтары көмекке келеді. Қазіргі уақытта Тобыл өзенінің жағалау сызығы үлкен көпірде нығайтылуда. Еріктілер тобы жұмылдырылып, тәулігіне 200 адам құтқарылды. Қостанай облысында барлығы 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Қостанай облысының эвакуациялық пункттерінде 700-ден астам адам орналастырылған.